Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы деректер шықты: Қазақстанның қанша өңірі "қызыл" аймақта

Опубликовано:

Адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан аумағында коронавирус таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Тelegram каналы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті.

21 тамыздағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Сондай-ақ Түркістан облысы ғана "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 7 117 адамнан коронавирус анықталды. Ауру жұқтырғандардың дені Алматыдан.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 730 181-ге жетті.

Еске сала кетсек, Қазақстанда сенбі күні карантин жеңілдетілуі мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова бұл мәселе тұрғысында алдағы бір аптада елдегі эпидемиологиялық жағдай назарға алынатынын жеткізді.

"Егер тұрақтану жағдайы жалғасатын болса, онда келесі сенбіден бұл шаралар қабылдануы ықтимал", - деді комитет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928247-songy-derekter-syqty-qazaqstannyn-qansa-oniri-qyzyl-aimaqta/

pixel