RU

Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 129 адам көз жұмды

Аурухана
Фото: Алматы ДСБ баспасөз қызметі

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан 129 адам қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналында.

21 тамыздағы мәлімет бойынша, 7117 адамнан коронавирус анықталып, 6951 адам ауруынан айықты. Тағы 103 науқас коронавирустан көз жұмды.

Одан бөлек, 122 875 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 30 128 пациент стационарда, 92 747 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Ауру жұқтырғандар арасында 1 920 адамның жағдайы ауыр, 549 пациенттің жағдайы өте ауыр, 224 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Ал коронавирус белгілері бар пневмонияға келсек, өткен тәулікте 354 адамға аталған диагноз қойылып, 136 адам емделіп шықты. Тағы 26 өлім жағдайы тіркелді.

Айта кетейік, 21 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 6 322 910 адам, II компонентпен 4 962 718 адам салдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928254-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-129-adam-koz-zumdy/