Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға отандық кәсіпкер қымбат көлік сыйлады (видео)

Опубликовано:

Нұрсейіт Жылқышыбай
Нұрсейіт Жылқышыбай. Фото: instagram.com/nurseiitzhylkyshybai

Белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға кәсіпкер Көңілбай Шүкенов жол талғамайтын автокөлікті сыйға тартты. Бұл туралы БАҚ өкілі өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

"Бүгін мәңгі есте қалатын туған күн болды! "Тәуелсіз журналистің бірісің" - деп, жол талғамайтын автокөліктің кілтін тапсырғанда есеңгіреп қалдым. Мен үшін үлкееен мотивация болды, достарым! (расын айтсам түсіме де кірген емес)

Көңілбай Шүкенов, сізге алғыстан басқа айтарым жоқ. Жүз жасаңыз, аға! Журналисті жарылқаған кәсіпкерді тұңғыш көруім. Алла Тағала жар болсын, ұрпағыңызбен мақтаныңыз!

Шерхан Мұртаза атамыздың тілімен айтқанда "жегені - жантақ, арқалағаны - алтын" журналистерге жандары ашып жатқан ешкім жоқ.
Халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын қалам иелерін бүгінде тек мақтау қағазымен жарылқап, арқаларынан қағумен шектелген. Көпшілігінің мақсаты кредитін төлеп, айлықтан - айлыққа сүрінбей жету. Әлде өтірік пе? Тәуелді емес, тәуелсіз әріптестерімнің сандары артса биліктегілердің де жүрістері өзгеретін еді....

Барлықтарыңызға дәл осындай темір тұлпар бұйырсын. Мені құттықтап жатқан жандарға тек жақсылық тіледім. Жүзіміз жарқын болсын", - деп жазды журналист.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928258-belgili-zurnalist-nurseiit-zylqysybaiga-otandyq-kasipker-qymbat-kolik-syilady-video/

pixel