Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында әйел адам бөтелкелесін өлтірді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Алкоголь
Көрнекі фото: Pixabay.com

Алматы облысында 48 жастағы әйел бөтелкелесін өлтірді деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық полиция департаментіндегі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Пайфилов ауданының орталығы Жаркент қаласында болған.

18 тамыз күні қаладағы жер үйлердің ауласының бірінде қинап өлтіру белгілерімен ер адамның мүрдесі жатқандығы жөнінде тәртіп сақшыларға хабарлама түскен.

"Жедел тексеру кезінде полицейлер күдікті ретінде мерт болған адамның 48 жастағы көршісін ұстады. Әйел адам түнгі сағат 02:00 шамасында көршілімен ішімдік ішіп, оған тиісе бастағанын жеткізген. Сол себепті ол керамикалық саптаяқпен бірнеше рет басынан ұрып, үйіне қашып кеткенін айтқан. Ал таңертең келгенде 48 жастағы көршісінің жансыз денесінің аулада жатқанын көрген", -делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.

Қазір айғақ заттар іске тіркелді. Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодарда 14 жасар бозбала телефонмен ойнауға тыйым салған әкесін пышақтап тастағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928260-almaty-oblysynda-aiel-adam-boteokelesin-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/

pixel