Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Онлайн танысқан жігітпен кездескен астаналық ару сан соғып қалды

Опубликовано:

жұп
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан тұрғыны арнайы қосымша арқылы жігітпен танысқан. Онлайн сөйлескеннен кейін жастар кездесуге бекінген. Алайда кездесу соңы қыз үшін сәтсіз аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елорданың полиция департаментіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында жігіт өзін агрессивті ұстап, астаналықтың қолындағы телефонын тарып алып, қашып кеткен.

Сол күні қаскөй мобильді банкинг арқылы дүкендерде сауда жасаған. Оның жеке басы бейнебақылау камералары арқылы анықталған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция 28 жастағы күдіктіні қолға түсірген. "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тәртіп сақшыларының дерегінше, ер адам астанада осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.

"Осы жылдың ішінде ол тағы бір қарақшылық жасап, келіншектен екі ұялы телефон ұрлап кеткен", - дейді Нұр-Сұлтан полиция департаменті.

Қазіргі уақытта оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928262-onlain-tanysqan-zigitpen-kezdesken-astanalyq-aru-san-sogyp-qaldy/

pixel