RU

ТЖМ "мыңдаған ауған босқынының келуіне дайындық" туралы құжатты түсіндіріп берді

Ауған босқындары
Фото: Sayed Khodaiberdi Sadat/Anadolu Agency via Getty Images

Әлеуметтік желіде Төтенше жағдайлар вице-министрінің тапсырмасы бойынша мыңдаған ауған босқынының Қазақстанға келуіне дайындық туралы құжат таратылуда. Жағдайға қатысты ведомство түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Адресат ретінде Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері көрсетілген.

Құжатта атқарушы билік босқындарды орналастыру үшін 1000 адамға бір лагерь есебінен келетін орындар туралы ақпарат беруі керек екені көрсетілген.

Сондай-ақ мүліктің бар-жоғы және жағдайы туралы, медициналық және азық-түліктік қамтамасыз ету туралы хабарлау қажет.

Осы құжатқа қатысты Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі пікір білдірді.

"Жалпы алғанда, бұл дайындық жұмыстары. Егер бізге басқа елдерден өтініш түссе және мемлекет басшысы көмек көрсету туралы шешім қабылдаса, онда Төтенше жағдайлар министрлігі босқындарды қабылдауға дайын болуы тиіс.

Бұл түзетулер сол жоспарланған жұмысты орындауға бағытталған. Мұны Ауғанстаннан босқындарды қабылдауға дайындық ретінде қабылдауға болмайды", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

ҚҰжат
Фото: Әлеуметтік желілер

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928267-tzm-myndagan-augan-bosqynynyn-keluine-daiyndyq-turaly-quzatty-tusindirip-berdi/