Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұршақ, шаңды дауыл, 41 градус ыстық: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

шаңды дауыл74
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің синоптиктері ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады деп жазады Қазгидромет.

22-24 тамызда Түркістан облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Таулы аудандарда және облыстың батысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

22 тамызда Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 22 тамызда облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-батыста жоғары өрт қаупі сақталады.

22 тамызда Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық сақталады.

22 тамызда Алматы облысының Қырғыз Алатауында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыс желі, екпіні 15-20 м/с.

22 тамызда күндіз Ақмола облысының солтүстік-шығысында найзағай, оңтүстік-батысында 36 градус қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіпі сақталады.

22 тамызда Павлодар облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

22 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Сондай-ақ өңірде 35 градус ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

21-23 тамызда Атырау облысының басым бөлігінде 41 градус өте қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928277-bursaq-sandy-dauyl-41-gradus-ystyq-elimizdin-birqatar-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/

pixel