Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда 40 жастағы жұмысшы тоғызыншы қабаттан құлап кетті

Опубликовано:

Құрылыс басындағы құрылысшы
Көрнекі сурет: Pixabay

Оралда жұмысшы тоғызыншы қабаттан құлап кетіп мерт болды. Қазір полицейлер 40 жастағы ер адамның қалай көз жұмғанын анықтап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 21 тамызда сағат таңғы 9-да Оралдағы Құрманғазы көшесіндегі үйде болған.

"Тоғыз қабатты үйдің төбесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезде мердігер мекеменің қызметкері құлап кетіп мерт болды", - дейді құтқарушылар.

Орал әкімдігінің баспасөз қызметі аталған үйге өңірді дамыту бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.

Тәртіп сақшылары қайғылы оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1928282-oralda-40-zastagy-zumyssy-togyzynsy-qabattan-qulap-ketti/

pixel