Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"22 миллионның көлігін сыйлады": Белгілі бизнесмен отандық журналистке ерекше сый жасады

Опубликовано:

Нұрсейіт Жылқышыбай мен Көңілбай Шүкенов
Нұрсейіт Жылқышыбай мен Көңілбай Шүкенов: Instagram

"Уақыт көрсетеді", "Ит өмір" жобаларымен танылған Нұрсейіт Жылқышыбай 31 жасында белгілі отандық бизнесменнен сыйлық алды. Қайырымдылық жобаларына жиі атсалысатын кәсіпкер Көңілбай Шүкенов журналистке 22 миллион теңгенің көлігін мінгізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрсейіт Жылқышыбай 31 жасқа толған күнін елімізге танымал журналистер мен бизнесмендердің ортасында атап өткен. Өз жобалары арқылы көптеген тұлғалардың ел білмейтін қырларын ашып, мұқтаж жандарға қол ұшын созып жүрген Нұрсейттің еңбегін бизнесмен Көңілбай Шүкенов жоғары бағалаған. Кәсіпкер журналиске құны 22 миллион теңге тұратын Land Cruiser 200 көлігінің кілтін табыстады.

"Шынымды айтсам, мұндай сыйлық күткен жоқпын. Біздің елде журналистерді дәл бұлай құрметтей бермейді ғой. Әрі кетсе, мереке кезінде алғыс хат жіберер. Марқұм Бейсен ағамызды, кеше өмірден озған Амангелді ағамызды дәл бұлай сыйлай алдық па деген ой келді. Еңбегімді елеп жатқанына рахмет. Әріптестерімді батыл әрі жігерлі болуға шақырамын", - деді Нұрсейіт.

Сондай-ақ, журналист тағы бір досының "007" нөмірін сыйлағанын айтты. Аталған нөмір 700 мың теңге тұрады.

Айта кетелік, Көңілбай Шүкенов бұған дейін көптеген қайырымдылық жобаларына атсалысатын кәсіпкер. Оның жеті балалы мұғалімдер отбасына екі қабатты үй тарту еткенін хабарлаған болатынбыз.

"Біздің мақсатымыз – ешкімнен көмек сұрамай, мемлекетке қол жаймай, еңбектен қашпай-ақ, қарапайым өмір салтын ұстанған үлгілі жанұяларды елге таныту болатын. Әрине, қазіргі қазақ қоғамында баспана мәселесі әлі де өткір. Бір бөлмелі пәтерге мұқтаж қаншама жан бар. Бірақ біз мүлде басқа нәрсені көздедік. Біз өзіміз үй сыйлайтын кейіпкерлердің шын мәнінде бақытты, көпке үлгі, өнегелі отбасы болғанын қаладық" - деген болатын Көңілбай Шүкенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928283-22-millionnyn-koligin-syilady-belgili-biznesmen-otandyq-zurnalistke-erekse-syi-zasady/

pixel