Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны азаюда

Опубликовано:

дерт75
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты соңғы мәліметтер жарияланды. Оған сәйкес, өткен тәулікте 6 725 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 829
  • Алматы қаласы - 1613
  • Шымкент қаласы - 336
  • Ақмола облысы - 281
  • Ақтөбе облысы - 417
  • Алматы облысы - 400
  • Атырау облысы - 287
  • Шығыс Қазақстан облысы - 176
  • Жамбыл облысы - 132
  • Батыс Қазақстан облысы - 135
  • Қарағанды облысы - 920
  • Қостанай облысы - 297
  • Қызылорда облысы - 185
  • Маңғыстау облысы - 153
  • Павлодар облысы - 331
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 168
  • Түркістан облысы - 65

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 736 906-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 5918 адам аурудан жазылып шыққан.

Қазір елімізде 123 773 адам коронавирустан емделуде, оның ішінде 29 856 пациент стационарда, 93 917 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1 927 адамның жағдайы ауыр, 523 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

249 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Одан бөлек, коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша қазір Түркістан облысы ғана "жасыл" аймақта тұр. Қалған үш қала мен 13 облыс "қызыл" аймақта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928299-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-azayuda/

pixel