Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Маңғыстау облысында полицияның басқаруымен қозғалған әскери техникаға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Әскери техника11
Фото: ҰҚК

Маңғыстау облысында терроризмге қарсы "Каспий - Антитеррор-2021" оқу-жаттығу жиыны өтеді. Осыған байланысты өңірде әскери техника легінің қозғалысы байқалуда деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Маңғыстау облысының аумағында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Терроризмге қарсы орталығының бастамасымен өткізілетін "Каспий - Антитеррор-2021" бірлескен терроризмге қарсы оқу-жаттығуы шеңберінде Шекара қызметі өз бөлімшелерін қайта топтастыруды жүргізуде.

Сондықтан өңірде әскери полицияның алып жүруімен әскери техника легінің қозғалысы байқалуда.

ҰҚК хабарлауынша, жалпы жоспарлы оқу-жаттығулар екі кезеңде өтеді және 2021 жылғы 2 қыркүйекке дейін жалғасады.

Оқу-жаттығудың мақсаты – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағында терроризм актілерін дайындау белгілерін анықтау және жолын кесу кезінде күштер мен құралдарды кешенді қолдануды бірлесіп пысықтау.

техника45
Фото: ҰҚК

Айта кетсек, бұған дейін ҰҚК терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігімен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының 4 тұрғыны қамауға алынғанын хабарлаған еді.

Ведомствоның дерегінше, аталған адамдар дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болып саналады.

Одан бөлек, ҰҚК Ауғанстаннан Қазақстанға апиын есірткісін контрабандалық жолмен жеткізудің тұрақты арнасын ұйымдастырған трансұлттық есірткі құрылымының жолын кескен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928304-uqk-mangystau-oblysynda-policiyanyn-basqaruymen-qozgalgan-askeri-texnikaga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel