Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"39 адамды шағып алды": Шымкенттіктер сарышаян шабуылдап жатқанын айтып, дабыл қақты

Опубликовано:

сарышаян11
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенттіктер сарышаян шабуылдап жатқанын айтып, шағымданды. Тұрғындар оларды үйі мен ауласынан жиі кездестіретін болған деп хабарлайды Отырар арнасы.

Басылымның мәліметінше, тек осы айдың өзінде сарышаян шаққан 39 адам (олардың 13-і бала) дәрігерлерге жүгінген. 4 адамның ауруханаға түскенде жағдайы орташа ауыр болған.

Тұрғындардың бірінің айтуынша, ол үйінен 5 сарышаян ұстап алған. Олардың бірі тіпті, үйдегі екі жасар баланы шағып үлгерген.

Ал тағы бір тұрғын Жанат Жарменова үйінің ауласынан екі сарышаян ұстап алғанын айтады. Балалары да тағы біреуін көріп қалған.

Осы орайда медицина қызметкерлері егер сарышаян шақса, дереу ауруханаға жүгінуге кеңес беріп отыр.

Сонымен қатар, Т.О. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының токсикология бөлімінің меңгерушісі Асылхан Мінбосынов сарышаян шаққан адамға қандай көмек көрсетілетінін айтып берді.

Оның сөзінше, бәрі сарышаянның көлеміне және шаққан жеріне байланысты. Егер мойын тұсынан шақса, ақ халаттылар пациентті стационарда емдеуге тырысады. Ал егер аяқ-қолынан шақса, онда алғашқы көмек көрсетіп, пациентті үйіне қайтарады екен.

Сонымен бірге, ақ халаттылар сарышаян шаққан адам денесінде қатты ауруды сезбесе, онда үй жағдайдында ем қабылдауға болатынын атап өтті. Яғни шаққан жерді сумен жуып, ауырсынуды басатын дәрілер ішкен дұрыс.

Ал егер аурудан бөлек, жүрек айнып, сілекей көп бөлініп, аузыңыздан көбік шықса, дереу жедел жәрдем шақырған абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928314-39-adamdy-sagyp-aldy-symkenttikter-sarysayan-sabuyldap-zatqanyn-aityp-dabyl-qaqty/

pixel