Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылып, 7 адам зардап шекті (фото, видео)

Опубликовано:

троллейбус соғылды11
Оқиға орнынан фото: Facebook.com/Ольга Бражникова

Алматыда қоғамдық көліктің қатысуымен жол апаты болды. Белгілі болғандай троллейбус жерасты өткеліне соғылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тлішісі.

Оқиға орнынан суреттерді Ольга Бражникова өзінің Facebook парақшасында жария етті. Сонымен қатар, ол жол апатынан немерелері зардап шеккенін жазды.

Ольга Бражникованың жазбасынан кейін Almaty Electrotrans компаниясы оқиғағаның қалай болғанын баяндады.

Олардың мәліметінше, жол апаты 21 тамыз күні күндіз Абай даңғылының бойында Байзақов көшесіне жақын жерде болған.

Троллейбус жүргізушісі өзін жайсыз сезініп, салдарынан тізгінге ие бола алмай жерасты өткелінің қабырғасына соғылған.

"Бұл факті полиция департаментінде тіркелді, мән-жайды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті компаниядан.

Zakon.kz-тің хабарлауынша, полиция аталмыш жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірген. Алматы қалалық полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы, подполковник Олжас Шәріповтың дерегінше, апаттан троллейбустың 7 жолаушысы зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928322-almatyda-trolleibus-zerasty-otkeline-sogylyp-7-adam-zardap-sekti-foto-video/

pixel