RU

Моңғолияның білім және ғылым министрі қазақ отбасында қонақта болып, сорпа әзірледі

Министр Моңғолия1
Энх-Амгалан Лувсанцэрэн. Фото: instagram.com/enkhamgalanmn

Моңғолияның білім, ғылым министрі Энх-Амгалан Лувсанцэрэн шілденің соңғы аптасында Баян-Өлгий аймағында демалып қайтқан болатын деп жазады Kaznews ақпараттық порталы.

Демалысы аясында ол Алтай Таван богд өлкесін мекен ететін Д.Байболсынның үйінде қонақта болған.

Сонымен қатар, тағам жасауды ұнататын министр демалысы кезінде өзбектің ұлттық тағамы шурпаны (сорпа) әзірлеп, қазақ отбасына дәм татқызған.

Ал өз кезегінде Д.Байболсынның әйелі Жантолқын домбырамен "Ауылым" әнін орындап берген.

Бұл сәттің видеосымен Энх-Амгалан Лувсанцэрэн өзінің Facebook парақшасында бөліскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928350-mongoliyanyn-bilim-zane-gylym-ministri-qazaq-otbasynda-qonaqta-bolyp-sorpa-azirlegen-video/