Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдік қаржы орталығында жұмыс істейтін білікті қазақ азаматы жайлы не білеміз

Опубликовано:

Елшат Бауыржанұлы
Фото: kazakcnr.com

Қытайдың теңіз жағалауындағы Шэньчжэнь секілді әлемдік қаржы, экономика, сауда орталғы саналатын қалада қаржыгер болып жұмыс істеу Елшат секілді білікті мамандардың ғана қолынан келеді, деп жазады Қазақпарат қытайлық kazakcnr.com сайтына сілтеме жасап.

Аталған БАҚ-тың жазуынша, Шэньчжэнь қаласы (Shēnzhèn) - Қытайдағы алғашқы құрылған арнайы экономикалық аймақ. Ол қазіргі таңда дамып келе жатқан, ірі қалалардың бірі.

Дәл осы ірі қаржы орталығында қандасымыз, білікті қаржыгер Елшат Бауыржанұлы өз саласында табысты жұмыс істеп жүр.

Оның негізгі жұмысы Шэньчжэнь қаласындағы ірі компаниялардың акцияларын нарыққа шығаруға жетекшілік ету. Бұл жоғары кәсіби білімді қажет ететін күрделі қаржы саласы.

Елшат Бауыржанұлы Қытайдың Бұратала облысының Арасан ауданында туған. Ол қаржы мамандығы бойынша Чэндудағы Экономикалық университетте бакалавриат және Жұңшан университетінде магистратурада оқыған.

Сонымен бірге, АҚШ-тың мемлекеттік технологиялық Masachutes университетінде MBA (Іскерлік әкімшілік магистрі) білім дәрежесін алған. Бұл менеджмент мектебі (MIT Sloan Management School)-әлемдегі ең беделді бизнес мектептерінің бірі.

Елшат АҚШ-та жүргенде қаржы саласының үздіктерімен танысады, сондағы компаниялардың NASDAQ акцияларын нарыққа шығару қызметтерімен шұғылданады. Ал Қытай еліне қайтып келгеннен кейін қаржы саласында табысты еңбек етіп, өзінің біліктілігін одан сайын дәлелдей түседі.

Ол қазірге дейін 14 компанияның қаржы капиталын тиімді инвестициялап, құнды қағаздарын нарыққа сәтті шығарып берген.

Елшат әріптестерімен11
Фото: kazakcnr.com

Сондай-ақ, Елшат қазіргі күні өзі басқарып отырған қаржы компаниясының көлемін кеңейтіп, Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу секілді қалаларда дамытуды көздеп отыр екен.

Елшат БАҚ-қа берген сұхбатында, болашақ қаржыгер жас мамандар жан-жақты, көп қырлы білімді болғанда ғана осы салады табысты жұмыс жасай алатынын айтқан.

Оның ойынша, жастар осы саланың білікті маманы болуы үшін, қаржы саласын меңгеріп қана қоймай, ғылым-техника, IT, медицина секілді түрлі салалардан белгілі деңгейде хабары болуы қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928351-alemdik-qarzy-ortalygynda-zumys-isteitin-bilikti-qazaq-azamaty-zaily-ne-bilemiz/

pixel