Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйінің ауласында есірткі еккен Түркістан облысының тұрғыны ұсталды

Опубликовано:

ұсталды
Көрнекі фото: sn.kz

Түркістан облысының полиция қызметкерлері үйінің ауласына есірткі еккен жергіліті тұрғынды қолға түсірді деп хабарлайды Қазақпарат.

Түркістан облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, күдіктінің аты-жөні мен мекен-жайын анықтаған.

Жергілікті тұрғынның үйінің ауласын тексеру барысында егіліп, бапталған 6 түп есірткі заты табылыпты.

Айғақты зат ретінде алынған өсімдікке сот-сараптамалық зерттеу жүргізілген.

Сараптама нәтижесінде өсімдіктің "сора" есірткі заты екендігі анықталып отыр.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктінің ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберігені белгілі болды.

Осы орайда Түркістан облысының полицейлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді еккені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Тәртіп сақшылары есірткінің қоғам дерті екендігіне баса назар аудара отыр, оны өсіретіндермен, қолданатындармен және тасымалдаушылармен күресті күшейтуде.

"Сондықтан есірткіге қатысты қандай да бір ақпаратты білсеңіз бірден полицияның "102" нөміріне хабарласыңыз. Бұл есірткіге байланысты қылмыстардың азаюы мен жолын кесуге септігін тигізед", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928367-uiinin-aulasynda-esirtki-ekken-turkistan-oblysynyn-turgyny-ustaldy/

pixel