Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйінің терезесінен жылқыларға оқ атқан Рудный тұрғыны жұрттың ашуына тиді

Опубликовано:

Жылқы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Рудный қаласында алкогольді сусын тұтынған ер адам үйінің терезесінен далада жүрген жылқыларға оқ атқан. Оның бұл әрекеті көпшіліктің ашуын келтірлі деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл жағдайға қатысты Қостанай облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, 22 тамыз күні Рудный қаласында, 32 жастағы азаматтың мас күйде сағат шамамен 17:30-да өзінің екінші қабатта орналасқан пәтерінің балконынан қараусыз жүрген жылқыларға пневматикалық тапаншамен бірнеше мәрте оқ атқандығы расталған.

Тәртіп сақшылары аталған факті тіркеліп, пневатикалық тапанша тәркіленгенін жеткізді.

Қазіргі уақытта процессуалдық шешім қабылданғалы жатыр.

Сонымен қатар қараусыз жүрген жылқылардың иесін анықтау іс-шаралары да қолға алынған.

Ведомство оқиға кезінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ екенін хабардар етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928370-uiinin-terezesinen-zylqylarga-oq-atqan-rudnyi-turgyny-zurttyn-asuyna-tidi/

pixel