Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 млн теңге: Алматылық ер адам сақтандыру компанияларын қалай алдап соқты

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда сақтандыру компанияларын алдаған алаяқ сотталды. Бұл туралы Полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов Instagram парақшасында хабарлады.

Оның сөзінше, 1988 жылы туған ер адамға қатысты істі Алмалы ауданының полициясы тергеген.

Сотталушының 2019 жылдың қаңтарынан бастап 2020 жылдың желтоқсанына дейін қылмыстық жоспар құрғаны хабарланды. Осылайша, ер адам жол апаты кезінде сақтандыру үшін Алматы қаласының сақтандыру компанияларынан қаражатты заңсыз алып отырған.

Әбдірахмановтың сөзінше, осы уақыт аралығында ол 8 жол апаты болды деп сақтандыру компанияларын 20 млн теңгеден астам ақша алған.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі, 1 және 4-тармақтары бойынша үкім шығарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928377-almatylyq-er-adam-saqtandyru-kompaniyalaryn-20-mln-tengege-aldap-soqqan/

pixel