Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы деректер: Қазақстанда тағы 137 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар туралы соңғы деректі жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

21 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда бір тәулікте 113 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды.

24 қазақстандық КВИ белгілері бар пневмонияның құрбаны болды. Өткен сенбіде аталған дерт 27 адамнан анықталған.

23 тамыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

Ал Түркістан облысы "жасыл" аймақта орналасқан.

Еске сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 6314 адам тіркелген. Олардың дені Алматы қаласынан.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 743 220-ға жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928416-songy-derekter-qazaqstanda-tagy-137-adam-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-koz-zumdy/

pixel