Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақорданың ғимаратында жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр (фото)

Опубликовано:

Ғимарат
Фото: Президенттің іс басқармасы баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта Ақорда резиденциясында жоспарлы жөндеу жүргізілуде. Жұмыс мамыр айында басталды және қыркүйекте аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы президенттің іс басқармасының баспасөз қызметі хабарлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Ақорда резиденциясының ғимаратының шатырына жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Ғимараттың қасбеті шатырға оңай көтерілуі үшін алынды. Шатырдағы жөндеу аяқталғаннан кейін ол орнына бекітіледі", делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тарихи ғимараттың эстетикалық келбетін бұзбау үшін нысанның сыртына құрылыс сатылары орнатылмай, оның орнына неғұрлым жеңіл технология таңдалғаны белгілі болды.

Фото
Фото: Президенттің іс басқармасы баспасөз қызметі

Президент кеңсесі Ақорда резиденциясы осыдан 17 жыл бұрын салынғанын еске түсірді.

Оның ресми ашылуы 2004 жылы 24 желтоқсанда өтті. Бірегей ғимараттың төбесінде бірінші рет жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928417-aqordanyn-gimaratynda-zondeu-zumystary-qalai-zurip-zatyr-foto/

pixel