RU

Елімізде коронавирус жұқтырған 1 944 адамның жағдайы ауыр

Дәрігерлер
Көрнекі фото: Dmitry Rogulin\TASS via Getty Images

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1 944 адамның жағдайы ауыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

23 тамыздағы мәлімет бойынша 124 871 адам коронавирус инфекциясынан (118 989 КВИ+ және 5 882 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 197 пациент стационарда жатыр, 94 674 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 944 адамның жағдайы ауыр, 518 пациенттің жағдайы өте ауыр, 312 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар туралы соңғы деректі жариялады.

21 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда бір тәулікте 113 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды. 24 қазақстандық КВИ белгілері бар пневмонияның құрбаны болды. Өткен сенбіде аталған дерт 27 адамнан анықталған.

23 тамыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр. Ал Түркістан облысы "жасыл" аймақта орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928425-elimizde-koronavirus-zuqtyrgan-1-944-adamnyn-zagdaiy-auyr/