Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

39 градус ыстық, найзағай, жаңбыр: Алдағы үш күнде елімізде тұрақсыз ауа райы күтіледі

Опубликовано:

жаңбыр111
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күнге, 24-26 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуімен республика аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Найзағай ойнап, бұршақ жауады. Екпінді жел соғып, қысқа мерзімді жаңбыр жаууы ықтмал.

Қазақстанның барлық аймағында температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты болады деп болжануда.

  • Батыста түнде 17-22 градус жылы, күндіз 32-39 градус ыстық болады.
  • Солтүстікте түнде 13-18 градус жылы болса, күндіз ауа температурасы 30-35 градусқа дейін көтеріледі.
  • Орталықта және республиканың шығысында түнде 11-17 градус жылы, ал күндіз 27-33 градус жылы ауа райы күтіледі.
  • Оңтүстікте түнде 15-22 градус жылы болса, күндіз сынап бағанасы 32-39 градусқа дейін көтеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928444-39-gradus-ystyq-naizagai-zanbyr-aldagy-us-kunde-elimizde-turaqsyz-aua-raiy-kutiledi/

pixel