RU

Қазақстанда қандай көліктер жиі ұрланады

Ер адам көлік айдап бара жатыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі онлайн-брифингте Қазақстанда биыл қай көлік түрі жиі ұрланғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство дерегінше, ең жиі ұрланатын автокөлік маркасы – Mercedes, Toyota, Мазда, BMV, Volkswagen және Lexus.

Сонымен қатар көлік ұрлығы жиі тіркелетін қалалар да белгілі болды.

Анализ бойынша автокөліктерді заңсыз айдап әкету Алматы қаласы, Алматы және Қостанай облыстарында жиі орын алады екен.

Одан бөлек, елімізде қосалқы бөлшектерді сату тек арнайы дүкендерде келісім-шартпен қана жүзеге асуы мүмкін. Талапқа бағынбаған жағдайда сатушыға айыппұл салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928466-qazaqstanda-qandai-kolikter-zii-urlanady/