RU

Нұр-Сұлтан – Лондон арасындағы тікелей рейс қайта жанданады

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

18 қыркүйектен бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан Хитроу халықаралық әуежайына ұшақтар тікелей қатынайды. Ұшақтар аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері ұшады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Air Astana әуе компаниясының хабарлауынша, жолаушыларды A321LR алыс магистральды әуе лайнері тасымалдайды. Лондонға ұшу ұзақтығы 7 сағат 15 минут, кері рейс 6 сағат 30 минутқа созылады.

Әуе билеттерін airastana.com сайты арқылы және сату кеңселерінде, ақпарат және брондау орталығында, сондай-ақ әуекомпания мен Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы аккредиттеген агенттіктерде брондауға болады. Билет құны барлық алымды есептегенде екі жаққа 284 535 теңгеден басталады.

Ұлыбританияға баратын жолаушыларда вакцина құжаты мен азаматтығына қарамастан коронавирустың жоқ екенін айғақтайтын ПТР нәтижесі болуы керек. ПТР тесті сапардан үш күн бұрын жасалып, Ұлыбританияның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Жолаушылар ПТР тестін тапсырып, сілтеме бойынша онлайн-форманы толтырады.

Үйде немесе тұрғылықты жерінде 10 күндік карантиннен өтеді, ПТР тестін жеткен кезде екінші және сегізінші күн арасында немесе одан кейін тапсыруы қажет.

Алайда 11 жасқа толмаған балаларға ПТР тапсырудың қажеті жоқ. Сондай-ақ жолаушылар карантинді уақытынан бұрын тоқтата алады, ол үшін Test to Release әдісі бойынша коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтайды.

Толығырақ мына жерден оқуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928468-nur-sultan-london-arasyndagy-tikelei-reis-qaita-zandanady/