Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құны 20 мың": ШҚО-да жалған вакцинация төлқұжатын дайындады деген күдікпен бес адам ұсталды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында вакцинация паспортын заңсыз дайындады және сатумен айналысты деген күдікпен бес адам ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшыларының назарына Өскемен қаласындағы емханалардың бірінде қызмет істейтін екі қызметкер мен үш азаматтық тұлға ілінген.

Олар белгіленген ақшалай сыйақыға жекелеген азаматтарға вакцинация процедурасынан өтпей, құжат алуға жағдай жасаған.

Ал өз кезегінде азаматтар жалған құжатты алу үшін делдалдарға 20 мың теңге және жеке куәліктерінің көшірмелерін ұсынып отырған.

Оларға медициналық мекемеге барудың тіпті қажеттілігі болмаған. Делдалдардың әрқайсысы өзіне 2-3 мың теңгеден қалдырып, қаржының негізгі бөлігі медицина қызметкерлеріне "жолданып" отырған.

Тергеу қазір бұл схема қай уақыттан бері жұмыс істеп жатқанын және қанша адам жалған вакцинация паспортын алғанын анықтап жатыр.

Медицина қызметкерлері вакцинация төлқұжатын осындай әдіспен тек 20 азаматқа ғана жасағанын айтқан, алайда тергеу органының пікірінше, бұл сан әлдеқайда көп болуы мүмкін.

"Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша жүргізілетін сотқа дейінгі тергеу шеңберінде медицина қызметкерлерінің және оларға көмек көрсеткен тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті процессуалдық баға берілетін болады.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, вакцинация паспортын осындай жалған және заңсыз жолмен алған барлық азаматтар анықталып, олардан жауап алынуда", – дейді ШҚО полиция департаментінің бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Сонымен қатар, полиция медициналық базаларға енгізілген барлық жалған мәлімет жарамсыз деп танылатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928483-20-mynnan-satqan-sqo-da-zalgan-vakcinaciya-tolquzatyn-daiyndagandar-ustaldy/

pixel