Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада мас күйінде лифтіде дәрет сындырған ер адамның басы бәлеге қалды

Опубликовано:

жеделсаты
Көрнекі фото: pixabay.com

Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде тұрғын лифтіде дәрет сындырған көршісінің үстінен полицияға арызданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиғаны тексеру жүктелген учаскелік полицей видеобақылау камерасынан азаматтың тұлғасын анықтаған.

Ол аталған тұрғын үйдің 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Заң бұзған азаматқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде екі хаттама толтырылды.

Біріншісі-қоғамдық ортада мас күйде жүргені үшін, екіншісі- ұсақ бұзақылық үшін. Нәтижесінде сот азаматты тұтқындау туралы қаулы шығарды.

Айта кетейік, осыған дейін Қызылорда облысында жолаушы вагонда дәрет сындырғаны үшін пойыздан түсірілгенін жазған едік.

Нәтижесінде құқық бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі және 440-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни ұсақ бұзақылық және алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін бірден екі әкімшілік хаттама толтырған болатын.

Жолаушыға 5 АЕК мөлшерінде, яғни 14,5 мың теңге айыппұл салынды.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтанның тәртіп сақшылары "Мұнар" тұрғын-үй кешенінің лифтінде кіші дәретке отырған әйелді тапқанын да хабарлағанбыз. Тұрғын мас күйде болған.

Оған қатысты "Кіші бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928505-elordada-mas-kuiinde-liftide-daret-syndyrgan-turgyn-ustaldy/

pixel