Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылды: Оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

троллейбус соғылды11
Оқиға орнынан фото: Facebook.com/Ольга Бражникова

Алматыда жерасты өткеліне соғылған троллейбустың нақты қанша жолаушысы зардап шеккені белгілі болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнынан жеті адам емес, төрт адам №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

"Тексеруден кейін олардың үшеуі бекітілген жердегі емханаға амбулаторлық емделуге жіберілді. Жарақат алғандардың бірі мамандандырылған бөлімге жатқызылды", – дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске салайық, троллейбустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы 21 тамыз күні шамамен сағат 14:50-де Байзақов көшесіне жақын жерде Абай даңғылының бойында болған еді.

Троллейбус жүргізушісі қысқа уақыттың ішінде өзін жайсыз сезініп, тізгінге ие бола алмай салдарынан жерасты өткелінің қабырғасына соғылған болатын.

Жол апатына қатысты полиция пікір білдіріп, қалалық полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов троллейбустың 7 жолаушысы зардап шеккенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928529-almatyda-trolleibus-zerasty-otkeline-sogyldy-oqigaga-qatysty-zana-derek-syqty/

pixel