Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2022 жылы демалыс күндері ауысады

Опубликовано:

карантин
Көрнекі фото: NUR.KZ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы үкімет қаулысының жобасын дайындады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында үкімет келесі жылы демалыс күндерін ауыстыруды жоспарлауда.

Демалыс күндері:

  1. 2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге;
  2. 2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге ауыстырылсын, делінген қаулыда.
  • Айта кетейік, 2022 жылы 8 наурыз мейрамы сейсенбіге түсіп тұр. Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн – 6, 7 және 8 наурыз демалмақ.
  • 30 тамыз – Конституция күні де сейсенбі күні аталып өтеді. Сол себепті бұл мейрамда да адамдар қатарынан үш күн – 28, 29 және 30 тамыз демалады.

"Демалыс күндерін алдын ала ауыстыру демалуды, мәдени-бұқаралық және корпоративтік іс-шараларды, сонымен қатар олармен байланысты шығыстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді", - делінген құжат мәтінінде.

Қаулы жобасын қоғамдық талқылау мерзімі 7 қыркүйекке дейін созылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928530-2022-zyly-demalys-kunderi-auysady/

pixel