Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда әйелінің арқасына пышақ сұққан ер адам қамауға алынды

Опубликовано:

Пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырауда әйелінің арқасына пышақ сұққан ер адам қамауға алынды. Бұл деректі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі растады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құзырлы органның мәліметінше, оқиға 22 тамызда Атырау қаласында болған.

"29 жастағы тұрғын әйелінің арқа тұсына үшкір затпен дене жарақатын салған. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 24-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан ер адам екі күнге қамалған болатын.

Одан бөлек, Павлодар облысында күйеуі соққының астына алған әйел қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Оқиға 17 тамыз күні отбасы жұмыс істеп, өмір сүрген шаруа қожалықтарының біріндегі жайылымдық жерде болған.

Облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, отбасылық ұрыс кезінде ер адам әйеліне есінен танғанша бірнеше дене жарақатын салған. Алған дене жарақаттарынан келіншек жедел жәрдем келгенше көз жұмған.

Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақан зиян келтіру) бойынша тергеу басталған. Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928552-atyrauda-aielinin-arqasyna-pysaq-suqqan-er-adam-qamauga-alyndy/

pixel