Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германияда тамақ жеткізуші болып жүрген Ауғанстанның бұрынғы министрі жайлы не білеміз

Опубликовано:

Курьер
Көрнекі фото: pexels.com

Германияға кеткен Ауғанстанның бұрынғы байланыс министрі Сайед Ахмад Шах Садаат Лейпцигте курьер болып жұмыс істеп жүр деп хабарлайды РИА Новости.

Бұрынғы шенеунік Ауғанстаннан өткен жылдың соңында кеткен. Ол ақшасы таусылған кезде жұмыс іздей бастаған.

Бүгінде Садаат Lieferando жергілікті тамақ жеткізу қызметінде курьер болып жұмыс істеуде. Алайда ол еуропалық ірі телекоммуникациялық Telekom компаниясында жұмыс істеуді армандайтынын айтады.

Еске сала кетсек, 15 тамызда тәліптер Ауғанстан астанасы – Кабулды шабуыл жасамай-ақ бағындырған еді. Билікті бейбіт жолмен беру туралы келіссөздер басталды. Ел президенті Ашраф Гани өз өкілеттігін тоқтатып, мемлекеттен кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Ал елдің вице президенті Амрулла Салех елде қалатынын және ешқашан "Талибан" содырларының алдында бас имейтінін мәлімдеді.

Дегенмен "Талибан" Ауғанстанның бұрынғы президенті мен вице-президентіне рақымшылық жасайтынын хабарлады.

Тәліптердің көшбасшысы Халил ур-Рахман Хакканидің айтуынша, олар Ашраф Ганиді, Амрулла Салехті және бұрынғы ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Хамдулла Мохибті кешірген.

Оның сөзінше, "Талибан" мен аталған үш тұлғаның арасындағы араздық тек дінге байланысты туындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928554-germaniyada-tamaq-tasusy-bolyp-zurgen-auganstannyn-buryngy-ministri-zaily-ne-bilemiz/

pixel