RU

Елімізде жоғары оқу орындарына құжат қабылдау мерзімі ұзартылды

Студент
Иллюстративное фото: pexels.com

Қазақстанда жоғары оқу орындарына құжат қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Бұндай шешімді білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті қабылдағаны белгілі болды.

"Талапкерлеріміз үшін бұл жақсы жаңалық деп санаймын. Бұл ретте құжат қабылдау мерзімдерін ұзарту бойынша келіп түскен өтініштер саны ескерілді. Білім беру гранттарының иегерлеріне де, ақылы негізде оқуды жоспарлап отырғандарға да мүмкіндік берілді",— дейді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау үшін 25 тамызға дейін уақыт берілген болатын.

Білім гранты иегерлерінің өтінімдері eGov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы қабылданып жатыр.

Ақылы негізде оқу үшін жоғары оқу орындарының виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Олардың тізімі білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған.

Айта кетсек, бұған дейін 2021-2022 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланған еді.

"Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 75 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды. Биыл "Білім беру" және "Денсаулық сақтау", сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құқық, дизайн, менеджмент білім беру бағыттары сұранысқа ие", - дейд білім және ғылым министрлігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928573-elimizde-zogary-oqu-oryndaryna-quzattardy-qabyldau-uaqyty-uzartyldy/