Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты жаңа болжамын жария етті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің онлайн-отырысында COVID-19 инфекциясына қатысты ведомствоның күзге арналған болжамымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа болжамына сәйкес, пессимистік сценарий бойынша қыркүйек айында бір тәулікте ауырғандар саны 6 300-ге, қазан айында 2400-ге жетеді.

Реалистік сценарий бойынша, қыркүйекте бір тәулікте дерт жұқтырғандар саны 5 400-ге, қазанда 1 800-ге жетуі мүмкін.

Оптимистік сценарий бойынша, қыркүйекте бір тәулікте ауру жұқтырғандар саны 4 200-ге қазан айында 1 300-ге жетуі ықтимал дейді Алексей Цой.

Еске сала кетсек, соңғы тәуліктерде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны азаюда. Мысалы, өткен тәулікте республика аумағында 5631 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.

Қазір жалпы ел бойынша дертпен ауырғандар саны 748 851-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирустан 7 184 адам жазылып шыққан.

Қазір елімізде 123 226 адам коронавирустан емделуде, оның ішінде 28 577 пациент стационарда, 94 649 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1 824 адамның жағдайы ауыр, 555 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

267 науқас өкпені жасанды желдеу аппаратында жатыр. Одан бөлек, өткен тәулікте коронавирус пен оның белгілері бар пневмониядан 120 адам қайтыс болған.

Жалпы 22 тамыздан бері коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен 38 адам дәрігерлерге жүгінген, 10 адам жазылып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928575-densaulyq-saqtau-ministrligi-koronavirusqa-qatysty-zana-bolzamyn-zariya-etti/

pixel