Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыға Ауғанстаннан келгендерге қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ауғанстаннан Алматыға келген БҰҰ қызметкерлері мен Қазақстан азаматтары жайлы айтты. Олардың барлығы коронавирусқа ПТР-тест тапсырған еді.

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылдың 19 тамызында Алматыға Кабулдан екі рейс келген.

"Алғашқы рейспен 27 Қазақстан азаматы жеткізілді. Олардың алтауы бала. Ал 15 Қырғызстан азаматы әуежайдан бірден отанына ұшып кетті. Қазақстанның 27 азаматы Shera Inn қонақ үйіне орналастырылды", - дейді Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Департамент екінші рейспен БҰҰ дипломатиялық миссиясының 135 мүшесі келгенін, оның ішінде Ауғанстан азаматтары жоқ екенін атап өтті. Олар Rixos қонақ үйіне орналастырылған.

Ал тағы үш күннен кейін, 22 тамыз күні Кабулдан Алматыға 108 адам келген. Олар да БҰҰ дипломатиялық миссиясының мүшелері. Бұл жолы жолаушылар Intercontinental қонақ үйіне орналастырылған.

"Барлығы коронавирусқа ПТР тест тапсырып, "Ұлттық сараптама орталығының" тексеруінен өтті. Коронавирус анықталған жоқ", - дейді Алматы СЭБД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ауғанстаннан Алматыға жеткізілген БҰҰ-ның жүзден астам өкілі қашықтан жұмыс істеуге кірісіп кетті.

БҰҰ-ның арнайы өкілі Ауғанстанға жәрдемдесу миссиясының басшысы Дебора Лайонстың айтуынша, БҰҰ-ның 60-қа жуық халықаралық қызметкері уақытша кеңсе ашу үшін Алматыда қалады. Қалғандары еліне оралады.

Ал Ауғанстанда қалған өкілдері азаматтарға гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928595-almatyga-auganstannan-kelgenderge-qatysty-zana-derek-syqty/

pixel