Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық санақтан кейін планшеттердің қайда берілетіні белгілі болды

Опубликовано:

Планшет
Көрнекі фото: pixabay.com

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов үкімет отырысында елімізде биыл өтетін ұлттық санақтан кейін планшеттердің мектептер мен ауруханаларға берілетінін жеткізді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Смайыловтың сөзінше, бұл жолғы санақ шығындары цифрлық технологиялардың енгізілуіне, процесті автоматтандыруға және планшеттерді қолдануға байланысты 2009 жылғы санақтың шығындарына қарағанда 2,6 есе төмен.

"Бұл ретте деректердің сапасы мен ақпаратты жинау жеделдігі айтарлықтай жақсарады. Санақ аяқталған соң планшеттер мектептер мен ауруханаларға беріледі", - дейді Смайылов үкімет отырысында.

Оның айтуынша, халық санағы БҰҰ жариялаған 2020 жылғы халық және тұрғын үй қоры санақтарының Дүниежүзілік раунды аясында өтеді.

Одан бөлек, жаппай санақ білім беру, көші-қон, табыс, жұмыспен қамту, неке жағдайы, бала туу, бала тууды жоспарлау, тілдерді меңгеру дәрежесі, дінге көзқарас және адамның тыныс-тіршілігін шектейтін факторлар сияқты мәселелер бойынша толық ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Себебі мұндай деректер мемлекеттік базада жоқ.

"Санақ жүргізу - бүкіл қоғамның қатысуын талап ететін ауқымды іс-шара. Бұл шараға халықтың түсіністікпен қарағаны қажет", - дейді премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Айта кетейік, биыл ұлттық санақ екі тәсілмен жүргізіледі. Бірінші 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн өткізілсе, 1-30 қазан аралығында интервьюерлер планшеттерді пайдаланып, үй-үйді аралайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928603-ulttyq-sanaqtan-keiin-plansetterdin-qaida-beriletini-belgili-boldy/

pixel