Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбритания патшайымының бөлесі Аралқұмға келіп, таңданысын жасыра алмады (фото)

Опубликовано:

Рози Стэнсер
Рози Стэнсер. Фото: rosiestancer.com/

II Елизаветта патшайымның бөлесі Рози Стэнсер Қазақстандағы Аралқұм алқабын жаяу жүріп өтпек. Бұл туралы еліміздегі Ұлыбритания елшілігі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Рози Стэнсер планетамыздағы адам аз шоғырланған жерлерді зерттеумен айналысатын зерттеуші.

2004 жылы Рози жалғыз өзі Оңтүстік полюске сапар шеккен. Осылайша, ол шананың көмегімен 1 100 шақырым жолды жүріп өткен.

Қазіргі таңда Рози Қазақстандағы тартылып қалған Арал теңізінің орнында пайда болған Аралқұм алқабын зерттеу үшін арнайы экспедиция құрамында келіп отыр.

"Рози мен оның Пом есімді зерттеуші құрбысы 600 шақырым жерді жаяу жүріп өтіп, сол маңды зерттемек. Одан бөлек, Көкарал бөгетінің бұл өңірге әсері бойынша да зерттеу жүргізбекші", - делінген Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің таратқан ақпаратында.

Рози Стэнсер болса, өзінің Instagram парақшасында Қазақстанда жүрген суреттерін жариялауда.

Ол өз жазбаларында Аралдағы көріністер туралы да жаза кеткен. Суретте қоқыстағы целлофан пакеттерін жеп тұрған түйе бейнеленген.

"Пластиктің мәңгілік циклі. Арал өңіріндегі көрініс", - деп жазды таңданысын жасыр алмаған Рози Стэнсер.

Экспедицияға қатысты барлық ақпараттар мен зерттеулерді Рози өзінің сайтында жарияламақ. Сайттағы ақпаратқа сүйенсек, оның Аралқұмға саяхаты алты аптаға созылатын болады.

Айта кету керек, Рози Стэнсер Ұлыбритания Патшайымы II Елизаветтаның бөлесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928605-ulybritaniya-patsaiymynyn-bolesi-aralqumga-kelip-tandanysyn-zasyra-almady-foto/

pixel