Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан жалған ақпаратпен күресудің жаңа тәсілін қолға алды

Опубликовано:

ноутбукта отыр11
Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Анық емес (жалған) мәліметтен қорғау жөніндегі" заң жобасына қол қойды. Бұл туралы президенттің ресми сайтында жазылған деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Ақпаратта Конституцияға сәйкес, әрбір азамат өз намысын қорғауға құқылы екені, қол қойылған заңда оның қалай атқарылатыны жазылған.

Басылымның жазуынша, заңда анық емес мәліметтен зиян шеккен тарап пен мәліметті жариялаған ресурстардың заң алдындағы құқықтары мен жауапкершілігі айтылған.

Аталған заң жобасын Жогорку Кеңеш 28 маусымда қабылдаған.

Оған сәйкес, үкімет "жалған ақпарат" таратқан немесе жеке ұйым мен адамның арызы негізінде сайттарды сот шешімінсіз жаба алады.

Ал құқық қорғаушылар бұл заң сөз бостандығы мен адам еркіндігін шектейді деп, президентті қол қоймауға шақырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928632-qyrgyzstan-zalgan-aqparatpen-kuresudin-tasilin-oilap-tapty/

pixel