Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Неге халықпен кездеспейді": Елдос Сметовке үш млн берген Маңғыстау әкімі сынға қалды

Опубликовано:

Елдос Сметов
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов дзюдодан Токио Олимпиадасының қоласын иеленген Елдос Сметовті қабылдап, спортшыға 3 миллион теңге көлемінде сыйақы берді. Аталған хабарды облыс әкімінің баспасөз қызметі Instagram парақшасында жариялады. Алайда, желі қолданушылары облыстағы мәселенің шаш етектен екенін айтып, спортшыға ақша берген әкімді сынға алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Токио Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметовті қабылдады.
Аймақ басшысы қазақтың қанындағы қайсарлық пен батырлық бүгінгі саңлақ спортшылардың бойынан көрініс тауып жатқанын айтты. Елдостың Токио төріндегі жеңісі барша елдің мерейі екендігін айрықша атап өтіп, маңғыстаулықтардың атынан үш миллион теңгенің сертификатын табыстады.
Елдос өз кезегінде құрметке бөлеп жатқан Маңғыстау облысының басшысы мен өңір тұрғындарына алғысын жеткізді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Осыдан соң желі қолданушылары әкімнің қарапайым халықты қабылдамайтыны, аймақтағы жұмыссыздық деңгейінің артқаны және өзге де мәселелер туралы пікір қалдырды.

"Облысымызда соңғы кездері жалақы мәселесімен келіспей, қаншама жұмысшылар жан айқайын көтеруде. Сондай мәселелерді шешумен айналысу керек қой. Біздің әкім лента қию, төсбелгі тағу, бұның бәрі пиар";

"Жамбылдық кәсіпкер Мерс берді. Жамбыл облыс әкімі камри 75 берді, квартира берілді. Біздікі ненің жыртылуы. Неге тек жалғыз Сметов, басқа да чемпиондарымыз бар ғо, әлде біреулердің интересы бар ма?";

"Құрметті! @akimat_mangystau және Серікбай Өтегенұлы! Дұрыс ел мақтанышын құрметтеп сыйлап жатырсыз қолдаймын! Неге өзінің арыз шағымы мен барған халық пен кездеспейсіз? Кездесіп құрғақ уәде мен тойдырып жіберетін баяғы орынбасарлар немесе әкімшілік қызметкерлері!

Неге Маңғыстаудың барлық ауылдарын аралап халықпен жүздесіп халықтың көкейкесті сұрақтарына көп болса да азына жауап бермесеке! Облыс басшысы деген атақ пен абырой бар бірақ сол дәрежеге жеткізген кім?

Алла тағала және қарапайым халық! Облыс әкімі болу оңай шаруа емес шығар, түсінемін бірақ халықпен де байланысқа шығып тұруыңыз керек!

Алланың алдында хан да бір қарада бір сондықтан алдымен халықтың жартығын жамап жоғын көбейтіп басына баспана беріңіздер! Халық наласы ешкімде жақсылыққа әкелмейді! Рақмет! ", деп жазды пікір қалдырушылар.

Айта кетелік, кеше маңғыстаулық кәсіпкерлер Елдос Сметовке Ақтау қаласынан пәтер сыйлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928638-nege-xalyqpen-kezdespeisiz-eldos-smetovke-3-million-bergen-mangystau-akimi-synga-qaldy/

pixel