Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті

Опубликовано:

Видео
Видеодан кадр: Youtube.com / Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров коронавируспен ауырып жатыр. Бұған дейін ол вакцинаның екі компонентін де салдырған. Бұл туралы Президент істері басқармасы медициналық орталығының ауруханасы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аурухананың хабарлауынша, Тоқтар Әубәкіров 21 тамызда жөтел, тершеңдік, әлсіздік барын айтқан.

"Үйіне жедел медициналық көмек бригадасы жіберілді. Тексерген кезде жалпы жағдайы тұрақты болған. Сатурация 95 пайыз, дене қызуы 36.6. ПТР-сынама алынды. Нәтижесі оң", - дейді аурухананың маркетинг және жарнама бөлімі.

Сонымен бірге, пациенттің алты күннен бері ауырып жатқаны, өз бетінше сумамед қабылдағаны хабарланды. Дегенмен Әубәкіров медициналық көмекке жүгінбеген.

"23 тамызда аурухананың мобильді тобы үйіне барып, анализ алды. Кеуде тұсының компьютерлік томографиясы да жасалды. Зертханалық зерттеудің нәтижесі бойынша Нұр-Сұлтан қалалық инфекциялық орталығына жіберілді", - дейді ведомство.

Аурухананың мәліметінше, науқас емдеу мекемесіне жатудан бас тартқан. Алайда ертесіне ауруханаға жатқызылған.

Оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Ғарышкерден екіжақты полисегментті пневмония анықталған.

Айта кетсек, Тоқтар Әубәкіров коронавирусқа қарсы вакцианың екі компонентін де салдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928655-garysker-toqtar-aubakirov-koronavirus-zuqtyryp-auruxanaga-tusti/

pixel