RU

Павлодарда жөндеуден өткен перзентхананы жаңбырдан кейін су басты

Сәби
Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодарда перинаталды орталықтың жөнделген шатырынан жаңбырдан кейін су ағып, бүкіл ғимаратты су басты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жергілікті kerek.pv Instagram парақшасында жарияланған видеодан розеткалардан су сорғалап жатқанын көруге болады. Ғимараттың бесінші қабатынан бірінші қабатына дейін су басқан.

Жөндеу проблемасымен жергілікті нұротандықтар айналысты. Nur Otan партиясы Павлодар филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко сапасыз жөнделген шатыр үшін "ҚазЕвроСтрой" ЖШС мердігер ұйымының құрылысшыларына шүйлікті.

"Бұл әлеуметтік нысан, бұл жерде сәбилер дүниеге келеді. Сіз бен біздің балаларымыз...", - деп ашуланды ол.

Партия мүшесі перинаталды орталыққа "идеологиялық және патриоттық" тұрғыдан қарауды талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928659-pavlodarda-zondeuden-otken-perzentxanany-zanbyrdan-keiin-su-basty-video/