RU

Ақтөбеде деструктивті сипаттағы аудиожазбаларды сақтап келген екі адам анықталды

телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде екі азаматтан тыйым салынған аудиожазбалар анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Порталдың мәліметінше, полиция қызметкерлері “ВКонтакте” әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында қаланың 28 жастағы тұрғындарында деструктивті сипаттағы аудиожазбаны сақтау фактілерін анықтады.

Дінтану сараптамасының нәтижелері бойынша аудиожазбаларға Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғаны анықталды.

Екі азамат Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 453-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әрқайсысы 58 340 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл арқалаған.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған мәліметтер мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін дайындауға, сақтауға, әкелуге, тасымалдауға, таратуға тыйым салынатынын еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928664-aqtobede-destruktivti-sipattagy-audiozazbalardy-saqtap-kelgen-eki-adam-anyqtaldy/