Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы: Қаза тапқан екінші ұшқыштың отбасына 4 млн теңге беріледі

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған кезде қаза тапқан ұшқыш Мейіржан Молдақұловтың отбасына 4 млн теңге беріледі. Асқар Маминнің тиісті қаулысы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

"2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы облысының Талғар ауданында болған әуе апатынан қаза тапқан ұшқыш Миржан Гайнулович Мулдакуловтың жұбайы Зауреш Нургалиевна Мулдакуловаға 2021 жылғы 29 сәуірдегі өтініші негізінде қаржылай көмек көрсетуге Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2021 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 4000000 (төрт миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы маңында Bek Air әке компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан 12 адам қайтыс болды.

Ал ұшқыш Мейіржан Молдақұлов болса, қайғылы оқиғадан бір ай өткеннен кейін, ауруханадан шығарылған соң көз жұмған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1928679-bek-air-usagynyn-apatqa-usyrauy-qaza-tapqan-ekinsi-usqystyn-otbasyna-4-mln-tenge-beriledi/

pixel