Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлеуметтік желіде экстремистік материал таратқан 4 атыраулық анықталды

Опубликовано:

ұялы
Көрнекі фото: pixabay.com

Атыраудың 4 тұрғыны әлеуметтік желіде экстремистік сипаттағы материалдар таратқан деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мониторинг жасау кезінде 4 адамның әлеуметтік желіге экстремистік сипаттағы аудио және видеофайлдарды жүктегенін анықтаған.

"Оның екеуі – 29 жастағы әйел мен 38 жастағы ер адам "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде діни мазмұндағы аудиофайлдар мен фотосуреттерді жариялап келген. Ал, 32 және 23 жастағы қала тұрғындары "ВКонтакте" әлеуметтік желісіне аудиожазбалармен қатар, қоғамның діни тұтастығын бұзуды мақсат ететін фотосуреттер жариялаған. Бұл Қазақстан аумағында насихаттауға тыйым салынған жазбалар болып шықты", -дейді Қамза Үмбетқалиев.

Осы деректерге қатысты алғашқы екі адамға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы, 1-бөлігінің 3-тармағымен, ал, соңғы екеуіне 453-бабының 2-бөлігімен хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде полиция қызметкерлері “ВКонтакте” әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында қаланың 28 жастағы тұрғындарында деструктивті сипаттағы аудиожазбаны сақтау фактілерін анықтаған болатын.

Дінтану сараптамасының нәтижесі бойынша аудиожазбаларға Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928703-aleumettik-zelide-ekstremistik-material-taratqan-4-atyraulyq-anyqtaldy/

pixel