Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жылқылар тас жолда "серуендеген": Жануарлардың иесі іздестірілуде

Опубликовано:

Жылқы
Видеодан кадр: instagram.com/kris.p.almaty.official

Алматыдағы Райымбек даңғыл жолында жүргізушілер жолға шығып кеткен жылқыларды видеоға түсіріп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram желісіндегі kris.p.almaty.official парақшасында жылқылар түсірілген екі видео жарияланды. Кадрлардан аттардың жолдың қақ ортасында жүргенін көруге болады.

Бейнежазбаға қатысты Алматы облысының полиция департаменті пікір білдірді.

Ведомствоның хабарлауынша, Қарасай ауданының полицейлері әзірге жылқылардың иесі кім екенін анықтамаған.

"Бұл аттардың иесі анықталуда. Ол Әкімілік құқықбұзушылық кодексінің 408-бабы, 1-бөлігі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережесін бұзу), сондай-ақ ӘҚбК 505-бабы, 1-бөлігі (Жасыл алқаптарды бүлдіру арқылы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928705-almatyda-zylqylar-tas-zolda-seruendegen-zanuarlardyn-iesi-izdestirilude-video/

pixel