RU

Алматы облысындағы екі кенттің тұрғындары үшін ҮАААЖ арқылы жол жүру қамтамасыз етіледі

Жол
Көрнекі фото: NUR.KZ

ҮАААЖ құрылысы 2018 жылы тәулік сайын шамамен 200 мың көлік құралы кіретін Алматы қаласының көше-жол желісіне көлік жүктемесін азайту үшін басталды деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайты.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, ҮАААЖ ұзындығы 66 шақырымды құрайды. Жол Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандарының аумағы арқылы өтеді, Алматы қаласынан шығатын 7 негізгі жолды: Ұзынағаш, Бішкек, Нұр-Сұлтан, Комсомол, Қапшағай, сондай-ақ, Құлжа мен Талғар трактілерін кесіп өтеді. Жоба аясында 7 көлік айырығын салу көзделген. ҮАААЖ бойында 1 шақырым радиуста 57-ге жуық елдімекен мен бау-бақша серіктестіктері орналасқан.

Алматы және Алматы облысының әкімдіктері 6 радиалды жолды (Абай, Рысқұлов, Ақын Сара, Сайын, Тілендиев, Солтүстік жарты айналма жол) іске асыруда, бұл Алматы қаласынан ҮАААЖ-ға шығуды қамтамасыз етеді.

"Алматы облысы Талғар ауданы Қызылту 1, 2 және Бейбітшілік ауылдарының тұрғындары жолды бір деңгейде қалдыруға ниет білдірді. ҮАААЖ алты жолақты қозғалысы бар жоғары жылдамдықты күре жол болып табылатынын ескере отырып, "Автомобиль жолдары" ҚНжЕ 3.03-09-2006 ж. сәйкес бір деңгейде қиылыстар орнатуға жол берілмейді.

Осы орайда ағымдағы жылдың 19 тамызында Талғар ауданы әкімінің орынбасары Е.Толқынов және "Аларко – Макйол – СК" мердігерлік ұйымының өкілдері Бейбітшілік және Қызыл-Ту ауылдарының тұрғындары үшін жергілікті жол жүруді қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді", – делінген хабарламада.

Бейбітшілік кентінің тұрғындарына Байсерке-Агро агрофирмасының аумағы бойынша Қызыл-Ту 2 ауылына дейін ұзындығы 2 шақырым (құны – 177 млн.тг) болатын жергілікті өтпежол құрылысының нұсқасы ұсынылды. Кейін ҮАААЖ арқылы қиылысу ҮАААЖ жолының астында салынған екі жолақты қозғалысы бар тоннель арқылы жүзеге асырылады (габариттері: ені 12,4 м х биіктігі 5,5 м). Онда көше жарығымен қамтамасыз етілген жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар болмақ.

Болашақта ұзындығы 4 шақырым болатын ұсынылған бағыт бойынша көлік құралдары ҮАААЖ-ға Құлжа трактіндегі көлік айырығы арқылы шыға алады.

Қашықтық шамамен 6 шақырымды құрайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928717-almaty-oblysyndagy-eki-kenttin-turgyndary-usin-uaaaz-arqyly-zol-zuru-qamtamasyz-etiledi/