Өткен тәулікте елімізде қанша адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Опубликовано:
Қазақстанда бір тәулікте 6040 адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.
Қазақстанда өткен тәулікте 6040 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 505
Алматы қаласы - 1590
Шымкент қаласы - 220
Ақмола облысы - 265
Ақтөбе облысы - 388
Алматы облысы - 358
Атырау облысы - 307
Шығыс Қазақстан облысы - 167
Жамбыл облысы - 202
Батыс Қазақстан облысы - 123
Қарағанды облысы - 843
Қостанай облысы - 269
Қызылорда облысы - 98
Маңғыстау облысы - 202
Павлодар облысы - 317
Солтүстік Қазақстан облысы - 122
Түркістан облысы - 64
Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 754 891-ге жетті.
Еске сала кетсек, бұған дейін ғарышкер Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскенін жазған едік.
Тоқтар Әубәкіров 21 тамызда жөтел, тершеңдік, әлсіздік барын айтқан. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Ғарышкерден екіжақты полисегментті пневмония анықталған.
Айта кетсек, Тоқтар Әубәкіров коронавирусқа қарсы вакцианың екі компонентін де салдырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928740-otken-taulikte-elimizde-qansa-adamnyn-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/