Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус салдарынан Азияда кедейлер саны 80 миллионға жеткен

Опубликовано:

Кедейлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Коронавирус пандемиясы салдарынан Азия елдерінде 80 миллион адам кедей болды. Бұл туралы Азия даму банкінің баяндамасында айтылған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Олар күніне 1,9 доллардан (шамамен 800 теңге) аз ақшаға өмір сүреді. Былтыр мұндай адамдар саны 75 миллионнан 80 миллионға дейін жетті. 2017 жылы 203 миллион адам (Азияның дамушы елдері тұрғындарының 5,2 проценті) кедейлікте өмір сүрген, деді сарапшылар.

"Пандемия Азия-Тынық мұхит аймағының прогресіне қауіп төндіріп тұр. Әсіресе, денсаулық сақтау және білім саласында прогресс тоқтады", - делінген хабарламада.

Пандемияға дейін өңір экономикасы қарқынды өсті. 2019 жылы әлемдік ішкі жалпы өнімінің 35 проценті аймаққа тиесілі болған.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте Қазақстанда 6040 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған еді.

Осылайша, ел бойынша ауырғандар саны 754 891-ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928743-koronavirus-saldarynan-aziyada-kedeiler-sany-80-millionga-zetken/

pixel