Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вакцина әзірлеу үшін бір жыл уақыт жеткіліксіз": Желідегі жазба көптің талқысына түсуде

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Әлеуметтік желіде ел тұрғындары коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның әзірленуін талқылап жатыр. Кейбіреулердің пікірінше, препарат тым тез әзірленді және бұл уақыт клиникалық зерттеулер жүргізу үшін жеткіліксіз болған. Көптің талқысына түскен ақпаратқа денсаулық сақтау министрлігі мен биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты бтүсініктеме берді деп жазады Stopfake.kz.

"COVID-19 қарсы вакцинаны барынша тез жасау үшін ғалымдар мен әзірлеушілер бірнеше түрлі кезеңдерде қатар жұмыс істейді. Вакциналарды әзірлеудің жеделдетілген процесі айтарлықтай мөлшерде қаржы бөлудің және жоғары деңгейде саяси міндеттемелер алудың арқасында мүмкін болды", – деді зерттеу институтының мамандары.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі отандық препарат инактивтендірілген вирус негізінде жасалғанын және бұл технология жақсы зерттелгенін, ондаған жылдар бойы қолданылып келе жатқанын атап өтті.

"COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны қысқа мерзімде әзірлеу туралы айтсақ, қазақстандық вакцинаны өндіру технологиясы ондаған жылдар бойы сыналғанын, оның белгілі және сенімді (белсенділігі жойылған вакцина, тірі вирус жоқ) екенін ескеру қажет. Өндірушінің осы сияқты вакциналарды жасау тәжірибесі бар, бұл ретте тұмауға қарсы вакцина туралы айтып отырмыз", – деп түсіндірді департаменттегілер.

Сонымен қатар, Министрлік өкілдері вакцинаны сынау туралы ақпаратты Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының сайтында "ҚР клиникалық зерттеулер тізіліміне" енгізу рәсімі туралы айтып берді.

Вакцинаны жасаушылар институтқа оның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы барлық мәліметтерді ұсынады. Ақпарат БҚПҒЗИ-ға келіп түскенде баршаға қолжетімді болуы үшін ұйымның сайтында жарияланады.

"Ұлттық орталық жанынан мамандар мен сарапшылардан, инфекционист ғалымдар, эпидемиолог, микробиолог, иммунолог, биолог, фармаколог мамандардан, биоэтика жөніндегі орталық комиссия, медициналық ұйымдар өкілдерінен тұратын Комиссия құрылды. Комиссия вакцинаның клиникаға дейінгі, клиникалық сынақтарының деректеріне сараптама жүргізеді, оның нәтижелері бойынша вакцинаның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі бойынша оң немесе теріс қорытынды беріледі", – деді денсаулық сақтау министрлігінің мамандары.

QazVac вакцинасының клиникалық сынақтарының I және II фазаларының нәтижелері The Lancet тобына кіретін рецензияланатын EClinicalMedicine медициналық журналында да жарияланған. Демек, QazVac вакцинасы тиімді және қауіпсіз.

Клиникалық сынақтар кезінде жетекші сарапшылар оны әзірлеу және бағалау процесін қадағалады. Препарат сынақтары туралы ақпарат әзірлеушілердің ұсынуына қарай жарияланды.

Вакцинаны сынаудың бірінші және екінші кезеңдерінің қорытындылары туралы деректер Халықаралық ғылыми рецензияланатын журналда ұсынылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928747-vakcina-azirleu-usin-bir-zyl-uaqyt-zetkiliksiz-zelidegi-zazba-koptin-talqysyna-tusude/

pixel