Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 157 қазақстандық көз жұмды

Опубликовано:

Аурухана1
Көрнекі фото: pexels.com

23 тамызда Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 157 адам қайтыс болды. Мұндай мәлімет Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында жарияланды.

Ведомствоның мәліметінше, 131 адам коронавирустан, тағы 26 науқас коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмған.

Сонымен бірге, 23 тамызда 428 қазақстандықтың коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққан белгілі болып отыр.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 6040 адамнан коронавирус анықталған еді. Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 754 891-ге жеткен болатын.

Одан бөлек, һ25 тамыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

Ал Түркістан облысы "жасыл" аймақта орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928750-bir-taulikte-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-tagy-157-qazaqstandyq-koz-zumdy/

pixel