28 тамыздан бастап Қазақстанда карантин жеңілдетіледі
Жарияланған күні:
Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы хабарлады.
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешімдерді мақұлдады.
- 28 тамыздан бастап рұқсат беріледі:
- "ASHYQ" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, "ASHYQ" жобасының көшбасшылары - "ASHYQ" қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің "жасыл мәртебесі" (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін;
- сенбі күні-қоғамдық көлік қызметіне.
2. 30 тамыздан бастап жұмыс күндері:
- "ASHYQ" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, "ASHYQ" жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.
Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін 4 қыркүйектен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды.
Премьер-министрдің орынбасары тамыздың соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмалар берді:
- медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;
- санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;
- педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында "ASHYQ" жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
- білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
- мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.
ВАК отырысында Ералы Тоғжанов басқа да бірқатар тапсырмалар берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928769-28-tamyzdan-bastap-qazaqstanda-karantin-zenildetiledi/