RU

Ресей Ауғанстаннан 500 адамды эвакуациялады

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Ресей Қорғаныс министрлігі Ауғанстаннан 500 адамды эвакуациялауды ұйымдастырды деп хабарлайды РИА Новости.

Қауіпсіз аймаққа шығарылғандар арасында Ресей, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы және Украина азаматтары болды.

Ресей Қорғаныс министрлігі Ульяновск әуежайында төрт әскери ұшақтан тұратын топ құрды. Бортта медициналық қызметкерлер, азық-түлік қоры, су және көрпелер бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Ресей Ауғанстандағы қарулы қақтығысқа кіріспейтінін мәлімдеген болатын. Бұл туралы Путин "Единая Россия" съезінде айтты.

"Бүгінде Ауғанстандағы ахуалдың күрделі екенін білесіздер. Біз жағдайды мұқият бақылап отырмыз. Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымындағы одақтастарымызбен белсенді түрде байланыстамыз. Әлбетте, біз Ауғанстанның ішкі істеріне араласпаймыз. "Бәріне қарсы" қақтығысқа қарулы күштерімізді араластырмаймыз", – деді Путин.

Еске сала кетсек, Түркия Ауғанстаннан келген бірде-бір босқынды қабылдай алмайды. Бұл туралы елдегі билеуші Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Омер Челик мәлімдеді.

"Түркия – босқындар лагері емес. Бірде-бір босқынды (Ауғанстаннан келетін – ред.) қабылдауға мүмкіндігіміз жоқ. Біз өзіміз шешім қабылдаймыз. Шекарамызды мұқият күзетудеміз", – дейді Челик журналистерге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928797-resei-auganstannan-500-adamdy-evakuaciyalady/